"Полицейлер тарапынан қазір қыздың туыстарын анықтау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бүкіл жеке құрамға тапсырма берілді. Қыздың суреті бүкіл ел аумағына таратылды. БАҚ өкілдері арқылы да іздестіріп жатырмыз. Сондай-ақ, сәбидің ата-анасын әлеуметтік желілер арқылы іздестірудеміз. Туыстарын таппағанша іздеу жұмыстарын жалғастыра беретін боламыз", - дейді Астана қалалық ІІД-нің баспасөз хатшысы Софья Кылышбекова.
Астанадағы жасөспірімдерді оңалту орталығындағылар сәбиге 3 айға дейін қарайтындарын айтып отыр. Оған дейін қыздың туыстары табылмаса оны балалар үйіне өткізеді.
"Қазір сәби өзін жақсы сезініп жүр, жақсы тамақтанып, тыныш ұйықтайды. Жылап жүрген жоқ, ата-анасын іздемейді", - дейді аталған орталықтың өкілдері.
Қыз шамамен 3-4 жаста, өзін Миланамын деп таныстырған. Бойы 115-120 см. Шашы ашық түсті қысқа. Үстінде қызыл түсті плащевка, ақ жилетка, ақ түсті футболка, қызғылт шалбар, қызғылт аяқ киім болған.