Полицейлер жаңа жыл мерекесі қарсаңында арнайы алдын-алу шарасын өткізеді

ІІМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, шараға ішкі істер органдарының барлық бөлімшелері мен Ішкі әскер толық жұмылдырылған.

Ақпарға сүйенсек, қоғамдық орындарда, көшелерде заң бұзушылықтар мен қылмыстың алдын-алу бағытындағы жұмыстар күшейтіліп, көңіл көтеретін мекемелер мен адам көп жиналатын жерлерде партульдік бақылау орнатылды.

Сонымен қатар, мас күйінде көлік тізгіндеп, жол ережесін бұзған жүргізушілер да жауапқа тартылады.