Полицейлер жүргізушілерге видеодәлелcіз айыппұл сала ала ма?

Бұл туралы ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетіндегілер айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Видеотіркеу құрылғылары жоқ полицей көліктері жол қозғалысы ережелерін бақылауға тартылмайды. Себебі дәлелдеме міндетті түрде видеотіркеу құрылғысына тіркелу керек", - деп түсіндірді ҚР ІІМ  Әкімшілік полиция комитеті төрағасының бірінші орынбасары Әлібек Кеңіспаев.

Сондай-ақ, мұндай бұйрықты биыл сәуір айында ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымовтың да бергені айтылады. Министр полицейлерге видеотіркеу құрылғынсыз жүргізушілермен жұмыс істеуге тыйым салған болатын.