Полицейлерді тістеп алған Семей тұрғыны сотталды


Хабарлама бойынша келіп жеткен полицейлер көпқабатты тұрғын үйге келіп мас күйдегі ер адамды көлікке отырғызған.

Көлік ішінде ер адам бір полицейдің сол жақ иығы мен екіншісінің бір саусағын тістеп алған.

Полицейлер жеңіл жарақат алды. Сотта айыпталушы кінәсін толық мойындап, ісі үшін өкінетінін айтты. Сот шешімі бойынша айыпталушы «Адамның өімірі мен денсаулығына зиян келтіру немесе өз міндетін атқарушы билік өкілдері мен оның жақындарына қауіп туғызу» бабына сәйкес 1 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды.