Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Kazinform-ға сілтеме жасап хабарлайды.
«Алматы тұрғынының әлеуметтік желілерде Д.Орманбаева азаматшаның ұлтаралық араздықты қоздыру белгілері бар қорқытулар мен қорлау сөздерін жариялауы туралы арызы негізінде қалалық Полиция департаменті қылмыстық іс қозғады», - деп хабарлады ведомстводан.
Бұған дейін блогер, журналист, қоғам белсендісі Дана Орманбаеваның Instagram желісіндегі жазбаларының скриншоты Telegram-арналардың бірінде пайда болған еді.