Комитеттің хабарлауынша, "Мак-2008" шұғыл-профилактикалық шарасын өткізу барысында 18 маусымда Шу станциясында марихуана дайындаумен айналысқан Жамбыл облысының 25 жасар тұрғынын полиция қызметкерлері қамауға алған. Ол 1,5 тонна марихуана мен каннабис смоласын дайындап құпия жерге тығып тастаған.