Полиция апатқа ұшыраған А320 лайнерін басқарған ұшқыштың үйін тінтіді


Бұған дейін Марсель прокуроры Брис Робэн екінші ұшқыш А.Любиц ұшақты қасақана құлатқан деп мәлімдеген болатын. Оның айтуынша, командир кабинадан шығып кеткен кезде екінші ұшқыш есікті іштен жауып алып, лайнерді құлатуға әрекет жасаған.
А.Любицтің үйінен тергеу үшін маңызды айғақтар табылған көрінеді.
Алайда, полицейлер бұл туралы нақтырақ айтудан бас тартып отыр. Айтуларынша, табылған заттардың арасында қоштасу хаты жоқ.
Аталған апат салдарынан 150 адам мерт болды.