Полиция Ақтөбедегі жаппай төбелестің мән-жайын айтты

Ондағылар бір күн бұрын жарияланған видеоға үйлену тойының қонақтары мен караоке клубының өзге келушілері арасындағы төбелес түсіп қалғанын айтты, деп хабарлайды Sputnik-Қазақстан.

"Аталған төбелестің той аяқталған соң клубтан шыққан жастар тобы мен караоке клубтың өзге келушілері арасында болғаны анықталды. Ақтөбенің ІІБ Заводской ЖБ оқиғаның үш қатысушысы жеткізілді", — деп атап өтті ведомствода. 

Аталған дерек ҚР ҚК-нің 293-бабы (Бұзақылық) бойынша сотқа дейінгі тергеулердің бірыңғай тізімінде тіркелді.  

Видео Instagram желісіндегі aktobe_zello парақшасында "
Түлектердің жаппай төбелесі
" деген тақырыппен жарияланған. Кадрларда бірнеше жас жігіттің өзара түсінісе алмай жатқаны көрініп тұр.