Полиция Астана күнінде жоғалып кеткен қыз бен оның екі жасар інісін тауып алды

«Елорда полицейлері мен Алматы ІІД қызметкерлерімен бірлесе отырып жоғалып кеткен балаларды Алматы автовокзалынан тауып алды. Олар Алматы қаласының ІІБ жеткізілді. Оқиғаны мән-жайы анықталып жатыр», - деді Астана ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Софья Қылышбекова.

Еске сала кетеейік, 6 шілдеде Астанада шамамен таңғы сағат 10-да кәмелетке толмаған екі бала - 14 жастағы Жансая Әбілхайыр мен екі жасар Нұрәлі Асқар үйден кетіп, оралмады.


Астана қ. ІІД баспасөз қызметінен хабарлағандай, 7 шілдеде сағат 3.00-дің шамасанда Астана қаласының тұрғыны балаларының жоғалғаны туралы айтып полицияға жүгінді.