"Қарашаның 15-інде есірткіні сауладамақ болған жерінде Астананың 1966 жылы туған азаматы қолға түскен. Заттарын қарау кезінде одан 5 грамм героин табылады. Ал пәтерін тінту барысында тағы да 2 грамм героин табылды,-дейді Шаяхметов.
Жедел операциялар кезінде полиция қызметкерлері негізгі есірткі таратушыны қолға түсірген. Қарашаның 16-ында есірткіні сатпақ болған 1974 жылы туған азаматша қолға түседі. Одан 10 грамм героин табылды.
"Мінекей осылайша біз Астанаға есірткі жеткізуші тағы да бір жолды кестік,-дейді Шаяхметов. Оның айтуынша, осы жол арқылы есірткі заттары тек Астана емес, Қарағандыға да жеткізіліп тұрған.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті