«Олармен профилактикалық әңгіме жүргізілгеннен кейін босатылды. Олар әкімшілік жауапқа тартылмайды», - деп қалалық ішкі істер департаменті мәлімдеді.
Бұрын хабарланғандай, Астананың алты тұрғыны кеше таңертең Бас прокуратура ғимаратының қоршауына өздерін шынжырлап тастаған. Олар өз жер телімдерін мемлекет қажетіне тәркілеу салдарынан туындаған жағдайды талқылау үшін қадағалау ведомствосының басшысы Асхат Дауылбаевпен кездестіруді талап еткен.
Қарсылық шарасы болған жерде екі әйел болған, олардың бірі жүкті және емшектегі екі баланы қосқанда он бір бала болған. Олар автобусқа тиеліп, есіл аудандық ішкі істер басқармасына жеткізілді.
Төрт әйелдің қатысуымен осындай қарсылық шарасы өткен дүйсенбіде парламент ғимараты мағында да болған. Олар мәжілістің заң және сот-құқықтық реформа жөніндегі комитет мүшесі Светлана Бычковамен келіссөздер жүргізгеннен кейін қоршаудан өздерін босатқан.
С.Бычкова шараға қатысушыларға олар берген құжаттармен танысып, бейсенбі күні депутаттармен кездесу ұйымдастыруға уәде берген.