Полиция бөлімінің 3-қабатынан алаяқтыққа күдікті азамат секіріп кетті

Қарағандыда Орталық полиция бөліміндегі оқиғаның мән-жайы тексерілуде.


           Полиция ғимаратының үшінші қабатының терезесінен кеше кешкісін алаяқтыққа күдікті 37 жастағы ер адам секіріп кеткен. Бұл туралы  бүгін Қазыбек би аудандық прокуратурасы мәлімдеді.
           «Полиция қызметкері ертіп апарған күдікті дәретхана терезесінен секіріп кеткен», - дейді прокуратурадағылар.
           Бас сүйек жарақатымен, миы шайқалып, бел омыртқасы сынған күдікті жедел жәрдеммен ауруханаға жеткізілді.
           Қазір оның палатасын полиция күзетуде.
           Бақытсыз оқиғаға қатысты аудан прокуратурасы мен облыстық ішкі істер департаментінің жеке қауіпсіздік басқармасы тексеру жүргізуде.
           Күдікті өзіне қол салмақ болғаны, әлде қашпақ болғаны анықталуда.