Оқыс оқиға Ақтөбеде қаласындағы мейрамханалардың бірінде болған, деп хабарлайды Ақтөбе облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Тәртіп сақшылары жанжалдың осыдан төрт күн бұрын болғанын айтады.
"WhatsApp"-та Ақтөбе қаласындағы мейрамхананың бірінде фойеде болған төбелестің видеосы тарап жатыр. Бұл оқиға 25 желтоқсаннан 26 желтоқсанға қараған түні тіркелді. Төбелес жеке дүкен мен компания жұмысшылары арасында болған. Жанжалға қатысушылар мемлекеттік қызметте жұмыс істемеген", - делінген хабарламада.
Loading...
Бұл фактіге қатысты Ақтөбе қаласы Астана ауданының №1 қалалық полиция бөлімі ҚР қылмыстық кодексінің 293 бабы 3-тармағы ("Бұзақылық") бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.
"Тәртіп сақшылары оқиға қатысы бар күдіктілерді ұстаған. Бүгінде олар Ақтөбе қаласы полиция департаментінің уақытша тергеу абақтысына қамалды", - делінген хабарламада.
Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.