Облыстық қаржы полициясы бастығының орынбасары Жандос Ахметовтың мәйіті жаңа жылдың алдында үйіне кіреберістен табылған болатын. Киллер оны 12 жасар ұлының көзінше атып кеткен. Ал оқиға орнынан табылған гильзалар Петропавлдағы әскери бөлімге тиесілі болып шықты. Нәтижесінде «кісі өліміне қатысы бар» деген күдікпен осы №66/37 әскери бөлімінің взвод командирі Дидар Бақтыбаев ұсталған. Оқиға болған күні оның сол маңда болғанын тергеушілер ұялы телефонының көмегімен анықтапты. Алайда, кезекті еңбек демалысында жүрген командир сол күні аудандағы станциялардың бірінде көлігін жөндеткен екен. Кейін бұл дәлелденіп, оны қайта босатып жіберген. Бұл оқиға бойынша тергеу әлі жалғасып жатыр.