Полиция мен дәрігерді өтірік шақыртқан Петропавл тұрғынына айыппұл салынды

Петропавлдың 39 жастағы тұрғыны 102 емес, жедел жәрдемге хабарласыпты. Ондағылар дереу тәртіп сақшыларын аяғынан тік тұрғызған. Полицейлер  телефон шалған адам айтқан аудандағы барлық құдықтар мен жертөлелерді тексерген. Ал жалған хабар берген апталдай азамат бұл кезде өз үйінде мас боп ұйықтап жатыпты. Енді әзілқой бұл қылығы үшін 60 мың теңге айыппұл төлеуі тиіс. 

Loading...