Полиция ДЦП-ға шалдыққан оқушыны зорлаған күдіктіні ұстады. Бұл туралы Алматы облыстық ІІД-нің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады caravan.kz
Жайсан ауылының тұрғыны Жамбыл аудандық ІІБ хабарласып, кәмелеттік жасқа толмаған қызын белгісіз адамның зорлап кеткенін хабарлаған. Шұғыл шараларды қолға алған полиция бір тәуліктің ішінде күдіктіні қолға түсірді.
«Белгілі болғандай жәбірленуші ДЦП-мен ауыратын 16 жастағы оқушы қыз болып шықты. Күдікті 22 жастағы көрші Қайназар ауылының тұрғыны екен. Ол әлеуметтік желі арқылы танысқан қызды алдап, көлігімен ауыл шетіне алып шыққанда зорлаған. Сезікті өз сөзінде қыздың кәмелетке толмағандығын білмегенін айтқан. Дегенмен, оқушының өз жасынан әлдеқайда кіші көрінетіні көзге көрініп тұр» - дейді полициядағылар.
Қазір орын алған дерек бойынша тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті әзірге 72 сағатқа қамауға алынды. Бірақ, Жамбыл аудандық ІІБ тергеушілері бүгін тұтқынға алу туралы өтінішті қанағаттандырды.