Полиция қамауға алған "Нұрбанктің" қауіпсіздік қызметі басқармасының бастығы аштық жариялады

"Ерлан қамауда отырғалы бір апта болды. Бірақ оған бүгінгі күнге дейін айып тағылған жоқ,- деп хабарлайды жақындары. - Сонымен бірге қамауда отырған кезде оның асқазан жарасы асқынып кеткен. Бірақ қажетті медициналық режимді сақтауға Ерланға мүмкіндік берілген жоқ". "Сол себепті ол аштық жариялады",- деді Сәрсенбековтың туысы.

Осы орайда еске салсақ, 10-мамыр, бейсенбі күні үйінен емханаға шығып кеткен Е.Сәрсенбеков сол күйінде хабарсыз кеткен. Артынан анықталғанындай, оны тәртіп сақшылары қамауға алған. Ол қазір Алматы қалалық ІІД-нің тергеу абақтысында отыр.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті