Полиция Қазақстанда жүргізуші куәлігін алмастыру тәртіптеріне түсініктеме берді

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, 2008 жылдың 1 тамызда күшіне енетін, 2008 жылдың 4 шілдеде қабылданған № 55/ІV "Жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі кейбір заңнамалық актілерге өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңында "Жол қозғалысының қауіпсіздігі туралы" заңға өзгертулер енгізуді қарастырып, көлікпен жасалған заң бұзушылықтарға байланысты жауапкершіліктің тізбекті түрде қатаңдатылған жүйесі енгізіледі.

Заңмен белгіленгендей, көлік құралдарын басқаруға берілетін құқықтан айыруға негіз болып табылатын жағдайлар: жүргізуші куәлігінің белгіленген мерзімінің бітуі; жүргізуші денсаулығының нашарлап, медициналық қорытынды растағандай көлік құралын қауіпсіз басқаруға кедергі келтіру; жүргізушінің жол жүру ережесін білетіндігін тексеру үшін білімін тексеруге бағыттау жөніндегі алғаннан бастап екі ай ішінде жол жүру ережесі бойынша емтиханды тапсыра алмаса; көлік құралын басқаруға құқығынан айыру;

Жүргізуші куәлігінің белгіленген мерзімі біткен жағдайда, көлікті басқаруға берілетін құқық жол жүру Ережесі бойынша емтихан тапсырып және медициналық қадағалаудан өткеннен кейін қалпына келтіріледі.

Егер жүргізуші куәлігінің белгіленген мерзімі біткенге дейін азаматтар жол полициясына келіп арызданса, басқаруға берілетін құқық белгіленген тәртіп бойынша жол жүру Ережесінен емтихан тапсырмай-ақ ауыстырылады.