Полиция ҚТЖ-ның жүк вагоннан ұрлықты ашты

«1-ші мамырда ҚР ІІМ Достық стансасындағы ішкі істер бөлімінің көліктегі ІІД желілік бөліміне «Қазақстан темір жолы» АҚ № 60331840 жүк вагонынан Қытайға бара жатқан 680 кг «қара металл сынықтарының» ұрланғаны туралы арыз түсірді», - делінген бейсенбі күні таратылған хабарда.

Оперативтік-іздестіру шараларының барысында көліктегі полиция қызметкерлері 21 жасар Шығыс Қазақстан облысының жұмыссыз тұрғынын ұстады. Одан заттай айғақтар алынды.