Полиция қызметкері жаяу жүргіншіні қағып кетті

Бурабай аудандық ауруханасы өкілінің хабарлауынша, жарақат алған азаматтың жағдайы ауыр, ол аурухананың жансақтау бөлімінде жатыр.

Бұл мәліметті облыстық ІІД баспасөз қызметі де растады. Олардың айтуынша, оқиға 7-қаңтар күні болған. Полиция капитаны сол күні жұмыста жүрген, ал жүргінші жол қиылысын бағдаршамға қарамай кесіп өткен көрінеді.

Полицей ішімдік ішпеген.