Полиция қызметкерін ұрып-соққан азамат қамауға алынды

Облыстық соттың баспасөз қызметінен Гүлмира Кенжеғалиеваның хабарлағанындай, аудандық ішкі істер бөліміне жеткізілген мас күйіндегі азамат ауруханаға барар жолда былапыт сөздер айтып, полиция қызметкерін ұрып жығып, иығынан шенін жұлып алған. Сөйтіп оған түрлі дәрежедегі жарақаттар келтірген.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 321-бабы 1-бөлімі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Ақжайық аудандық сотының қаулысымен айыпталушы екі ай мерзімге қамауға алынды.