Полиция қызметкерлері Қарағандының тұрғынынан героиннің партиясын тәркіледі

Күдік келтірілген 32 жастағы жігіттің пәтерін тінту кезінде 1 кило 833 грамм героин табылды, деп хабарлады жұмада "Интерфакс-Қазақстан" агенттігіне облыстық ішкі істер департаментінің ақпарат басқармасының бастығы Жанатай Сембеков.

Полицияның дерегіне қарағанда, бұл жігіт алдында да есірткі сақтағандығы үшін сотталған.
Оған қатысты қылмыстық іс қозғалды, ол изоляторға отырғызылды.