Полиция қызметкерлері Қызылорда облысында қарақурай алқабын анықтады

С. Көшкінбаевтың айтуынша, жедел іздестіру шараларының нәтижесінде Сырдария-Кувандария көлінен 175 шақырым жерде құрамында есірткі бар қарақурай алқабы анықталған. Қазірде 1253 түбі жойылыпты. Полиция қызметкерлері, осы алқабта жұмыс істеп жүрген Қармақшы ауданының екі тұрғынын ұстады. Олардан 3 кг жуық анаша тәркіленді.

Ұсталғандардың үстінен қылмыстық іс қозғалды.

С. Көшкінбаевтың мәліметіне сәйкес, жыл басынан бері есірткі айналымына байланысты 70 қылмыстың беті ашылып, 40 килограммға жуық әртүрлі есірткі тәркіленген.