Полиция қызметкерлерін қорлаған азамат кешірім сұрады (ВИДЕО)

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Polisia.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында А. есімді ер адамның полиция қызметкерлерін қорлау фактісі анықталды. 

“Атап айтқанда, А.азамат өзінің инстаграмдағы парақшасында өз монологымен бірнеше рет қорлауды қолданған видео жариялады. Ол сөзінен ұялмастан, камерада бірнеше рет жағымсыз сөздер қолданған. Жазаның еріксіздігі принципін ұстана отырып, ол ҚР Қылмыстық кодексінің 378-бабы – билік өкілін қорлауға сәйкес жазаланады. Бұл факт сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде тіркелген. Қылмыстық істі ПД тергеу басқармасы жүргізеді. Бүгін А.азамат қамауға алынып, қылмыстық жауапкершілікке тартылды”, – деді Алматы қалалық Полиция департаменті басшысының орынбасары Рустам Абдрахманов.

Ер адам өз әрекеті үшін кешірім сұрауға асықты.


Ақпарат көзі Polisia.kz сайтында: https://polisia.kz/politsiya-qyzmetkerlerin-ashyq-turde-qorlaghan-adam-zhauapqa-tartyldy/