Полиция қызметкерлерінің әскери дайындығын арттыру қажет - Р. Мұқашев


«Ішкі істер органдарының аса маңызды міндеттерінің бірі лаңкестікке қарсы қызмет. Соңғы жылдары терроризммен күрес ісі еліміздің барлық құқық қорғау органдары үшін айтарлықтай салмақты сынақ болды. Ірі қалаларда ұйымдастырылған лаңкестік актілер сериясымен құқық қорғау органдары алғаш рет бетпе бет келді. Өз өмірін қиып, лаңкесті тоқтатқан полиция қызметкерінің қайсар ерлігі ешқашан ұмытылмайды. Алайда, полиция қызметкерлері қатарынан да, халық арасынан да құрбандардың болуы дағдарысты жағдайлардағы әрекеттерге полицейлердің қызметтік-ұрыс әзірлігінің төмендігін білдірсе керек», - дейді Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы Рахмет Мұқашев. Осыған орай, депутат әскери дайындыққа қатысты полицияның әзірлігін арттыру қажеттігін алға тартты.