Полиция үйге қарумен баса көктеп кіріп, ақшаны қолды еткен үш қарақшыны ұстады

Бұл туралы Павлодар облысы бойынша ІІД-нің баспасөз қызметінен хабарланды.

Бұған дейін істі болмаған 24-29 жас аралығындағы жігіттер 9 желтоқсан күні сағат 05.30-да бетперде жамылып, үйге баса көктеп кірген. Аңшы қаруымен және көз жасауратқыш газбен қоқан-лоқы көрсеткен олар үй иелерінің ақшасын (100 мың теңге), мүлкін және «ИЖ-81» маркалы қаруын иемденген.

Күдіктілер кінәларын мойындады, олар Екібастұз ІІБ-нің уақытша ұстау абақтысына қамалды. Заттық айғақ - қару тәркіленді, қылмыстық іс қозғалды.