Полиция жалған ақпарат таратқандарды іздестіріп жатыр


Ілінген парақтарда тіпті қаскөйдің фотороботы да бар. Жасы 25-те, бойы 170 сантиметр деп көрсетілген. Бұдан бөлек, ескерту қағаздарында маньяктың Алматы мен Қарағанды, сондай-ақ Ақсай қалаларында бала ұрламақ болғаны айтылған. Бірақ бұл еліміздің бірнеше қаласына тарап үлгерген қауесет екен. Қазір полицейлер әлгі қанішерді емес, қауесет таратқан адамды іздестіруде. Тұрғындар арасында осылай дүрбелең тудырған азаматты енді ауыр жаза күтіп тұр.