Алматы қалалық полиция департаменті бастығының орынбасары Рустам Әбдірахманов Любовь Панова ұлтаралық араздықты қоздырды деген күдікке ілінгенін айтты, деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы.
Әбдірахманов Любовь Панованың «Вова ағайға Қазақстанда тәртіп орнату керек» деген сөзінен кейін ҚР ҚК 174-бабында көзделген қылмыстық құқық бұзушылық белгілері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай реестріне қылмыстық іс тіркелгенін айтты. Яғни, ұлтаралық араздықты қоздыру бабы бойынша.
Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргізу Алматы қаласы Қылмыстық іздестіру департаментінің тергеу басқармасының тергеушілеріне жүктелді.
"Бүгін, 28.03.2022, тиісті сараптамалар тағайындалды, оның қорытындысы бойынша соңғы процессуалдық шешім қабылданады. Қылмыстық істі тергеудің барысы мен нәтижелері Алматы полициясында бақылауға алынды»,
- деп түсіндірді Алматы қалалық полиция департаменті басшысының орынбасары.
Еске саласақ, бүгін Любовь Панова «Европа плюс Қазақстан» радиосынан босатылған болатын.