Ішкі істер министрлігінің мәліметтеріне сүйенсек, берілген өтініштердің барлығы комиссияның қарауында жатыр.
Естеріңізге сала кетейік, жыл басында халықтан заңсыз сақтаудағы атыс қаруын, оқ-дәрілерді және жарылғыш заттарды сатып алуды қарастыратын заң күшіне енген болатын.
Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, мемлекет қару -жарақты өз еркімен өткізуге 10-нан 100 айлық есеп көрсеткішін төлеуді қарастырады. Атыс қаруларын, оқ-дәрілер мен жарылғыш заттарды қабылдау ішкі істер органдарының әрбір аймақтық бөлімшелерінде жүзеге асырылуда. Тіркелмеген қару-жарақ, оқ-дәрілер мен жарылғыш заттарды тапсырған тұлға қылмыстық және әкімшілік жауаптан босатылады.
Сонымен қатар, үстіміздегі жылдың 1-ақпанында Астана уақытымен 11.00-ден 12.00 аралығында Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігінің сайтында тұтынушылардың атыс қаруларын өз еркімен тапсыру және зақымдау қаруын тіркеуге қатысты сұрақтарына Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Оразалиев Молдияр Молыбевич жауап береді. Сұрақтарды ІІМ сайтының "Конференция" бөлімінің "Лицензиялық-рұқсат беру жұмыстары" айдарына жолдау қажет.