Полковникке параны қарамағындағы қызметкерінің әйелі әкеп берген


-Тоқта, тоқтаңыз.

– Қай жерде ақша?

– Кармашкада ма?

–Көрініп тұр ма?

 – Ие.

Садығали Керімбеков қымбат көлігіне бір бума жүз долларлықтарды алаңсыз тастап, өзі дүкен аралап кетіпті. Әділет полковнигін қаржы полициясы осы кезде қолға түсірген. Ол атқару инспекциясындағы қызметкерді жұмыста қалдыру үшін 2 мың долар талап еткен екен. Келісілген соманы қоластындағы азамат емес, әйелі әкеп беріпті. Осыған дейін түрмелердің үстінен қараған Керімбековтің өзі енді сол темір торда жазасын өтеуі бек мүмкін.