Польша президенті Анджей Дуда Астанаға келеді

Бұл туралы РИА Новости Қазақстан Президентінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Сондай-ақ, Польша президентімен кездесу аясында қазақстандық-поляк бизнес-форумының өтетіні айтылады. Онда Назарбаев пен Анджей Дуда қатысады деп жоспарланып отыр.

Форумға ауыл шаруашылығы, энергетика, құрылыс, құрылыс материалдарын шығару, химия, тау-кен металлургиялық, фармацевтикалық және басқа да салаларда жұмыс істеп жүрген шамамен 200 поляк кәсіпкері қатысады. 

"Бүгінде Қазақстан мен Польша 24 халықаралық шарт жасасты. Тағы 15 жоба енді қаралады. Сондай-ақ, алдағы бизнес-форум аясында аймақаралық ынтымақтастық саласында қол қойылуы тиіс құжаттар бар", - деп хабарлады баспасөз қызметіндегілер.