Польшада әлемдегі бірінші «Википедия» ескерткіші ашылады

Бұл туралы кеше АП агенттігі мәлімдеді.

Мұндай бастаманы Слубицеде "Коллегиум Полоникум" ғылыми-дидактикалық алаң директоры Кшиштоф Войцеховский жасады.

Құны 11 мың еуроны құрайтын жобаға муниципалдық билік демеушілік етеді. Ескерткіштің салтанатты ашылуы 22 қазанға белгіленген.