Польшадағы сайлаудың экзит-полл қорытындысы бойынша елді жаңа президент басқармақ


елдің қазіргі президенті Бронислав Коморовскийден оның консервативті қарсыласы Анджей Дуданың басым түскенін көрсетті, деп хабарлады Би-би-си.

Комаровский өзінің бұл сайлауда жеңілгенін мойындап та үлгерді. 

Жүргізілген сауалнамалардың болжалды нәтижелері бойынша Дуданы дауыс берушілердің 53%, ал Коморовскийді - 47% қолдаған.
Сайлаудың ресми нәтижелері бүгін күндіз жарияланады. 
Дуданың жеңісі оның «Құқық және әділдік» консервативтік партиясының күзгі парламент сайлауында жеңіске жетуін білдіруі мүмкін. 
Польшада президент үкіметке қарағанда азырақ өкілеттілікке ие, егер «Құқық және әділдік» жеңіске жететін болса, Ярослав Качиньский қайтадан үкіметті басқаруы мүмкін.