Польшаға қысқы ауа райы қайта оралды

Бұл туралы  Caravan.kz медиа порталы kazinform.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Бір-екі апта бұрын Польшаға жаз келгендей болды. Термометр бағанасы +26 градусқа дейін көтеріліп, одан да жоғары болды. 

Алайда демалыс күндері елдің көп бөлігіне қысқы күн райы қайта оралды. Кейбір аймақтарда түнде ауа температурасы нөлден төмен түсті. Жаңбыр, қар аралас жаңбыр жауды. 

Метеорологиялық қызмет Арктика ауасының Орталық Еуропаға енуінен болған аяз туралы ескертті. 

Десе де, Польша тұрғындары ауа райының құбылуына таң қалмай, сәуір айында әдетте күн райы тұрақсыз болатыны қалыпты жағдай екенін айтып жатыр.