Форумда сөз сөйлеген С.Наврот тәуелсіздік жылдарындағы Қазақстанның саяси және әлеуметтік-экономикалық даму салаларындағы жетістіктерді жоғары бағалады. Ол Қазақстандағы экономиканың ашықтығы мен демократиялық даму принциптерін жүзеге асыруда үлкен табыстарға қол жеткізгенін және Польшалық іскерлер мен қоғам тарапынан Қазақстанға қызығушылықтың артып келе жатқанын атап өтті.
1990-жылы құрылған, ТМД және басқа да дүниежұзі елдерімен байланыстар орнатқан "Польша-Шығыс" қоғамына Польшаның қоғамдық-саяси, ғылыми және мәдени ортасының өкілдері енеді. Қоғам мүшелерінің қатарында 25 мыңдай адам бар.