Бұл туралы бүгін ҚазАқпарат тілшісіне Алматы қаласындағы Польша мәдени орталығының төрағасы Олег Червинский мәлім етті.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, келушілер Польшаның ұлы композиторлары Кароль Шимановский, Витольд Лютославский, Гражина Бацевичтің тамаша классикалық туындыларын тыңдайтын болады. Сондай-ақ концертте польшалық белгілі скрипкашы Патриция Пекутовска мен пианист Анна Миерник өнер көрсетеді. Тамашалағысы келгендерге кіру тегін.
Польша музыкасы күндері шарасын «Алматы қаласындағы Польша мәдени орталығы мен «Пиано Классик» артистік жолдастығы ұйымдастырып отыр (Польша, Краков қ.).
Айта кетелік, «Алматы қ. Польша мәдени орталығы» 1992 құрылған. Орталықтың басты мақсаты - Польшаның тарихын, мәдениетін, тілін зерттеу, сондай-ақ қайырымдылық, мәдени-ағарту шараларын және шығармашылық кештер өткізу.