Поляк-неміс шекарасындағы жарылыс

Алдын ала деректерге қарағанда,  пиротехникалық бұйымдардың жарылысы салдарынан 50 шатыр жанып кеткен, сегіз адам зардап шекті.

YouTube-те жарияланған роликте жалынның  бірнеше павильонды шарпығаны, базар үстінде қою түтіннің  будақтай көтеріліп жатқаны көрініп тұр. Ал қалың өрттің арасында оқтын-оқтында  петардалар  жарылып жатыр.