Порошенко мен Путин атысты тоқтату жөнінде келісімге келді


Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков та ондай келісім болғанын растады. Екі ел басшылары да мәселені бейбіт шешуге талпынып жатыр екен. Владимр Путин мен Петр Порошенконың бұған дейін Минскіде кездескені мәлім. Ол кезде ешқандай мәмілеге қол жеткізілген жоқ. Ал өз-өзін елміз деп жариялаған «республиканың» өкілдері Досбасстан украин әскері кетпейінше соғысты доғармаймыз деп мәлімдеді. Украинаның шығысындағы қарулы қақтығыс биылғы сәуір айынан бері жалғасып келеді. Осы аралықта 2 жарым мыңнан астам адам қаза тапқан.