Жиынға Украина Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс кеңесінің басшылары мен мүшелері түгел шақыртылыпты. Бұған сәйкес, енді Луганск және Донецк облыстары «дербес мәртебеге» ие емес. Яғни, автономияға берілетін артықшылықтар мүлдем қарастырылмайды. Порошенко, мұндай шешімге келуін ең бірінші елде саяси тұрақтылықты орнатуды мақсат тұтқанымен түсіндіріп отыр. Оның үстіне ресми Киев 2-ші қарашада елдің шығысында өткен президент сайлауын жоққа шығармақ. Өткен жексенбіде өз-өздерін республика деп жариялаған Донецк мен Луганск халқы басшыларын таңдаған еді. Бірақ бұл сайлаудың қорытындысын Ресейден өзге ешқандай мемлекет мойындаған жоқ.