Порошенконы мазақ қылған наразы топты полиция ұстап әкетті


Демонстранттар Петр Порошенконың көлігін жан-жақтан қоршап алған. Алайда «Фашист» деп Украина басшысына айқайлаған топты таратқан ешкім болмады. Қарулы күзет президентті жайбарақат көлігіне отырғызып, аулаққа алып кетті. Ал шу шығарған ресейшілдерді полицейлер ұстап қалды.