ресейлік валютаның күрт құлдырауына себеп болған Украина Президенті Петр Порошенконың ел аумағына Ресейден әскер кіргені туралы мәлімдемесі болды, деп хабарлады РБК.
Жұмаға белгіленген бағамға сәйкес доллар 36,71 рубльге, еуро 48,36 рубльге жетті.
Бивалюталық себет өткен жабылумен салыстырғанда 57 тиынға өсті.
Бұдан басқа ресейлік қор индекстері тамыздың басынан бастап рекордтық деңгейде төмендеді.
РСЖ 27 тамыздың жабылуында 3,22% жоғалтты. Жинақбанкі акциясының 4% жоғалтты.
Порошенко Украинаның Донецк облысына ресейлік дивизияның басып кіруіне байланысты БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің отырысын шұғыл шақыру қажеттігін мәлімдеген болатын.
Алдыңғы ақпарат:
Украина Президенті Петр Порошенко Украинаға Ресей әскерінің кіргенін мәлімдеді. Ол Түркияға сапарын тоқтатып, шұғыл түрде Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс кеңесін шақырды, деп хабарлады РБК.
«Донецк облысында, атап айтқанда, Амвросиевка пен Старобешевода жағдай күрт ушығуына байланысты Түркия Республикасына жұмыс сапарымды тоқтатуға шешім қабылдадым. Себебі, Украинаға Ресей әскері кірді», - деп мәлімдеді Порошенко.
Сонымен қатар, мұндай жағдайда Президенттің орны Киевте болуы керектігін айтқан Порошенко алдағы іс-қимылдар жоспарын жасау үшін Украинаның ҰҚҚК отырысы өтетінін хабарлады.
Украина БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің отырысын жедел шақырту қажет деп санайды.
«Әлем Украинадағы күрт ушыққан жағдайға баға беруі тиіс», - дей келе ол Украина Еуроодақтың шұғыл кеңесін шақыру үшін еуропалық әріптестеріне жүгінетінін атап өтті.