Португалияда коронавирусты жоятын маска жасалды


Бұл жоғары тиімді көп реттік маска түрлі су өткізбейтін қабаттардан тұратын арнайы матадан жасалған. Жүргізілген сынақтар масканың коронавирустық инфекциядан қорғау кезіндегі тиімділігін растады.

Масканың матаға түскен SARS-CoV-2 вирусын бейтараптандыратын инновациялық жабыны бар. Ол мата 50 рет жуылғаннан кейін де өз қалпында сақталады.

Сынақ барысында зерттеушілер коронавирустың молекулалары бар ерітіндіге масканы салып тәжірибе жасады. Нәтижесінде, бір сағаттан кейін молекулалардың 99%-ы өзіндік қасиеттерін жоғалтқан.