Поскеңестік кеңістіктегі саяси элитаның басты тауқыметі - мемлекеттік ойлау қабілетінің тапшылығында болмақ - неміс журналисі

"Өз басым түрлі-түсті төңкерістер туралы сөз қозғамауды ұсынар едім. Өйткені, жуырда болған екі немесе екі жарым түрлі-түсті төңкеріс - тіпті де төңкеріс емес. Шынтуайтына келгенде, төңкеріс дегеніміз - билік пен жүйенің алмасуы екені мәлім. Ал аталған елдердің ешқайсысында да жүйе өзгерісі болған жоқ",- деді ол.

Г.Мрозектің пікірінше, Грузия , Украина және Қырғызстан республикаларын өзара байланыстарытн үш түрді ұқсастық бар. "Біріншіден, бұл - саяси элитаның күн тәртібіне қойылған тауқыметтерді шешуге қабілетсіздігі. Екіншіден, саяси элитаның жікке бөлініп қақ жарылуы, үшіншіден, бұл элитаның бір бөлігі қолдауды ел ішінен іздемей, сыртқа жүгінуі. Дәл осындай сәтте билік алмасатыны ежелден келе жатқан заңдылық".
Г.Мрозектің айтуынша, қазір Қырғызстан мен Грузияда, сондай-ақ, Украинада билікке келген элита өзекті мәселелерді шешуде болашақта үлкен қиындықтарға тап болуы ықтимал.