«Анаға арналған жұмақ» (режиссері Ахтан Арым Құбат) - Орынборда өткен «Шығыс-Батыс» Халықаралық кинобайқауының Гран-при жүлдесіне ие болған және Висбаденде (Германия) XII Халықаралық кино фестивалінің «Көркемділік ерекшелігі үшін» номинациясы бойынша үшінші сыйлықты еншілеген туынды. Латвия, Литва, Эстонияның 20-шы «Киношок» ашық кино фестивалінің екі наградасын жеңіп алған Сәбит Құрманбековтың «Кеш келген махаббат» атты картинасы да көрермендер ықыласына бөленді.
Қазақстанның қазіргі заманғы кинематографиялық өнерін шетелдіктерге ұсынуға қолдау жасаған Қазақстан Республикасының Чехиядағы елшілігі мәдени іс-шара барысында фестивальге қатысушыларға ұлттық тағамдардан шағын дастарқан жайды, деп жазады «Егемен Қазақстан» газеті.