Прагада білім алып жатқан Қазақстан студенттері Дэвис кубогы турнирінде ҚР құрамасына жанкүйер болады

деп хабарлады ҚР Теннис федерациясының баспасөз қызметінен.

Жанкүйерлердің басым бөлігін Прагада оқып жатқан еліміздің студенттері құрайды. 28 ақпанда өткен жанкүйерлермен кездесуге қатысқан Чехиядағы Төтенше және Өкілетті Елші Анарбек Қарашаевтың айтуынша, Прагада шамамен 800 қазақстандық студент білім алуда. ҚР Теннис федерациясының бастамасымен және Елшіліктің қатысуымен басым бөлігін студенттер құрайтын негізгі жанкүйерлер тобы жасақталған. Сондай-ақ Қазақстаннан, Германия мен Польшадан жанкүйерлер келеді деп күтілуде.

Естеріңізге сала кетейік, 4-6 наурыз күндері Чехияның Острава қаласында Қазақстан мен Чехия командалары арасындағы Дэвис кубогы матчы өтеді. Қазақстан құрамасының спортшылары: Андрей Голубев, Михаил Кукушкин, Юрий Щукин және Евгений Королев. Чехия құрамасыны: Томаш Бердых, Ян Гайек, Иржи Веселы мен Лукаш Длуги.