Прагада Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған дөңгелек үстел өтті

Болашаққа көзқарас» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырды.  

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Қазақстандық дипломаттар қонақтарды еліміздің Тәуелсіздік жылдарындағы саяси және әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі жетістіктерімен егжей-тегжейлі таныстырды.

«Prazsky-magazin» басылымының бас директоры Алеш Флитчер өз сөзінде: «Қазақстандағы экономикалық өзгерістерді көріп отырмыз, бұл нағыз жетістік. Тәуелсіздік жылдарында экономиканың өсуі барлық қиындықтарды еңсеріп, ел дамудың жаңа деңгейіне шықты және жаңа биіктерге жетті. Пандемия әлемдік экономиканың дамуына өз ізін қалдырды, алайда Қазақстан қалыптасқан қиындықтарға қарамастан, экономикалық өрлеу жолын жалғастырып жатқанын, елдің 2025 жылға дейін есептелген өзінің нақтыланған стратегиялық даму жоспары бар екенін атап өткім келеді. Қазақстанның болашағы зор екеніне сенімдімін».

Чехияның «Halo Noviny» басылымдарының басшылары Роман Яноух пен «Ceske Noviny» Светозар Плесник өз сөздерінде Қазақстанның саяси рөліне ерекше тоқталып, атап айтқанда: «Бүгінде Қазақстан халықаралық аренада беделді, құрметті мемлекет болып табылады, осының дәлелі – оның 2017-2018 жылдардағы БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне мүшелігі, оған әлемнің ең ықпалды елдері кіреді. Қазақстан әрқашан ядролық қарусыздануға қатысты, бүгінгі күні бұрын-соңды болмағандай өзекті түрлі ұсыныстармен сөз сөйледі. Сондай-ақ, Қазақстан әлемге әйгілі «ЭКСПО» халықаралық көрмесін өткізді, оның тақырыбы "Болашақ энергиясы"болды. Мұнай мен газдың мол қорына ие Қазақстан бүгінде жаңартылатын энергия көздеріне бет бұруда».


Сондай-ақ конференцияға қатысушылар Қазақстан мемлекеттіліктің қалыптасу тарихы, Қазақстан мен Чехия халықтары арасындағы достық қарым-қатынастардың дамуы, сондай-ақ экономиканың жекелеген салаларын қалыптастыру және инфрақұрылымдық жобаларға қатысу туралы баяндамалар ұсынды. Іс-шара барысында Қазақстан-Чехия сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты дамыту перспективалары және басқа да  мәселелер талқыланды. Жиын соңында конференцияға қатысушылар Қазақстан халқын мерейтойлық датамен құттықтап, елімізге өркендеу мен табыс тіледі.