Алматыда "Прайм Плаза" сауда-ойын сауық орталығының әкімшілігі жаппай бүлік салдарынан келген зиян мөлшерін анықтады.
Орталыққа 30 млн теңге зиян келтірілгені анықталды. Ғимараттың қасбеті, тұрақ аумағы және басқаларға нұқсан келген», - деп «Интерфакс-Қазақстан» агенттігіне меркетинг бөлімінің басшысы Юлия Мачулан мәлімдеді.
Бұған дейін "Прайм Плаза" сауда орталығының әкімшілігі жаппай бүліктің шығуына әнші Қайрат Нұртас кінәлі деп мәлімдеді.
Әншінің өнер көрсетуін ерте тоқтатуы негізгі себеп болды, дейді сауда орталығының әкімшілігі.