«Прайм-Плаза» СОСО аумағындағы бұзақылық әрекеттер фактісі бойынша 165 адам ұсталды

«Еске сала кетейік, 31 тамыз күні «Үздік караоке әншісі» байқауы финалистерінің концертін тамашалауға үш мыңға жуық адам жиналды. Сонымен қатар іс-шарада қазақстандық әнші Қайрат Нұртас өнер көрсетеді деп жоспарланған. Әнші сахнада тұрған сәтте көрермендер тосқауылды бұзып өтіп, сахнаға ұмтылған. Осыған байланысты Қайрат Нұртас сахнадан түсіп кетіп қалған. Бұған наразы болған халық арасында төбелес оты тұтанды. Жастар алдымен сахнаға, кейін бір-біріне тас, пластик бөтелкелер лақтыра бастаған. Қабылданған шаралардың нәтижесінде 23.00-де тәртіпсіздік тоқтатылды», - деп мәлім етті ІІД баспасөз қызметінен.

ҚР ҚК 257-бабы 3 бөлімі (Суық қаруды не денсаулыққа зиян келтiру үшiн арнайы бейiмделген басқа да заттарды қолданып немесе қолдану әрекетi арқылы жасалған бұзақылық - 3 жылдан 7 жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады) бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Кешен аумағында концерт өткізу қала қызметтерімен келісілмеген, деп атап өтті ІІД баспасөз қызметінде.
«Шараны ұйымдастырушылар жазаланады. Оларға қатысты ҚР ҚК 232-бабы бойынша (Коммерциялық немесе өзге ұйымда басқару қызметтерiн атқарушы адамның қызметiне адал қарамауы немесе ұқыпсыз қарауы салдарынан өз мiндеттерiн атқармауы немесе тиiстi дәрежеде атқармауы, бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз нақ сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады) қылмыстық іс қозғалды.
«Үстіміздегі жылдың 29 тамызында концерт ұйымдастырушыларына орынның қолайсыздығына байланысты шараны өткізбеу жөнінде жазбаша ескерту жасалған. Орталық басшылығына концерт өткізуден бас тарту ұсынылды, алайда олар тәртіпті өздері қамтамасыз ететінін мәлімдеді», - делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта Алматы қаласының ІІД жеке құрамы күшейтілген тәртіпте қызмет етуде