«Прайм-Плаза» СОСО-дағы концерт ұйымдастырушыларына орынның қолайсыздығына байланысты шараны өткізбеу туралы ресми түрде ескерту жасалды

«Үстіміздегі жылдың 29 тамызында концерт ұйымдастырушыларына орынның қолайсыздығына байланысты шараны өткізбеу жөнінде жазбаша ескерту жасалған. Орталық басшылығына концерт өткізуден бас тарту ұсынылды, алайда олар тәртіпті өздері қамтамасыз ететінін мәлімдеді», - делінген хабарламада.

Бұған дейін хабарланғандай, «Прайм-Плаза» СОСО аумағындағы бұзақылық әрекеттер фактісі бойынша 165 адам ұсталды. Олар қоғамдық тәртіпті бұзуға қатысты тексеріліп жатыр

ҚР ҚК 257-бабы (Бұзақылық) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сондай-ақ «Прайм- Плаза» СОСО басшылығына қатысты да ҚР ҚК 232-бабы (Мiндеттерiне адал қарамау) бойынша қылмыстық іс қозғалды.


Қазіргі уақытта Алматы қаласының ІІД жеке құрамы күшейтілген тәртіпте қызмет етуде.