Телеарнаның берген ақпараты бойынша, "К. Мәсімов барлық аймақтардың басшыларына және соған қатысты ведомстволардың министрлеріне жаңа жыл қарсаңында азық-түлік бағаларын бақылауға алуды тапсырды".
"Үкімет басшысы әкімдерді бағалардың күрт өсуі туралы ақпаратты, үкіметтің азық-түлік бағаларын төмендету жөніндегі орталық штабына жеткізуді міндеттеді", - деген ақпаратты "КТК" таратты.
Телеарнаның мәліметтері бойынша, өз кезігінде облыс әкімдері, "азық-түлік базарлары бақылауға алынған және барлық жерде азық-түлік қорлары құрылған. Сондықтан, әзірге бағалар тұрақты",- деді.